Серік Жұманғарин жаңа қызметке тағайындалды

73

0

Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Осы жылдың ақпан айында Серік Жұманғарин Премьер-Министрдің орынбасары болып қайта тағайындалды.

Серік Жұманғарин 1969 жылы 22 шілдеде Ақтөбеде дүниеге келген. Мәскеу энергетика институтын және Бөкетов атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1997 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірді. 2013 жылы Халықаралық бизнес академиясында «Менеджмент» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алды.

1993-2004 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

2005-2006 жылдары – Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.

2006-2007 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары. Бір жылдан кейін, 2023 жылдың 2 қыркүйегінде Жұманғарин сауда және интеграция министрі қызметінен босатылды. Ол Премьер-Министрдің орынбасары болып қала берді.

2007-2008 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Ақтөбе облысы бойынша басқарма бастығы; Аталған агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры.

2008-2010 жылдары – ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры; «Қазақстандық келісімшарт агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2010-2011 жылдары – NadLoc жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.

2012-2013 жылдары – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2013-2014 жылдары – ҚР Өңірлік даму вице-министрі.

2014-2017 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.

2019-2020 жылдары – Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (Министр).

2020 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

2022 жылы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<