Қазіргі уақытта бала көтеру және босану кезінде жұбайының қатысу мәселесі әлі де талқыға салынуда. Қазіргі кезде серіктестерінің босану кезінде қатысуы-таң қаларлық жағдай емес. Бұл мәселе барлық перзентханаларды рұқсат етіледі. Бұл жағдай айтарлықтай серіктеспен яғни жұбайлармен бірге болып жатыр деп айтсақ, шындыққа ұласпайды.
Шын мәнінде серіктестік босануға яғни жұбайымен мұндай шешім қабылдауға аз мөлшерде өздеріне сенімді, қорықпайтын отбасылық жұптар келісім береді. Көпшілік болашақ ата-аналар әлі де мұндай шешімге баруға батылдары жетпейді,олар әлі де бұрынғы апаларымыз бен аналарымыздың жолымен жүріп, жалғыз өздері босану залында болғанды қалайды. Әлем тәжірибесі бойынша,серіктестік босану 30 жылдан астам тәжірибеден өтіп жатыр. Қазақстан әйелдеріне мұндай мүмкіншілік-босану кезінде жұбайларының көмегінің тиюі-жақында ғана болды,яғни 10 жыл бұрын. Сол үшінде, Еуропада және басқа мемлекеттерде отбасылық жұптардың ойларына серіктестік босану жайлы ой келмейді,бірге босанғысы келе ме, олар жай ғана дүниеге балаларын бірге әкеліп, осыны жалғыз бір ерекше даму оқиғасы деп есептейді.
Босану кезінде не үшін жұбайы қажет?
Босану кезінде баланың әкесінің қатысуы болып бірінші қуантқан-америкалық дәрігерлер-гинекологтар, соның ішінде Роберт Брэдли. Бұл дәрігер ұзақ уақыт бойы ешқандай фармокологиялық препараттар және медициналық араласушылықсыз шынайы жүктілікті қадағалауда болды.
Дәл осы акушер-гинеколог бірінші болып біздің уақытта бәріне аян деректі ашқан,яғни әйелдің ішкі түйсігіне ықыласпен қарау, дұрыс демалу және барлық бұлшық еттердің босаңсуы босану уақытында ешқандай шиеленіссіз, мысалы: қан кету және күнтиместің жыртылуынан сақтайды.
Әрине,әйел адам босану кезінде үрейленеді және ауырсынуды бастан өткереді. Осындай уақытта көп әйелдер өздерін қолға ұстап,болып жатқан жағдайға есеп бере алады. Дәл осы уақытта сүйікті ерінің көмегі қажет болады. (Әрине егер де ол босанып жатқан әйелдің жанында болуға қарсы болмаса).
Ер адамға босану уақытында үлкен жауапкершілік жүктеледі. Көптеген перзентханаларда күн сайын босанып жатқан әйелдер саны аз емес. Медицина қызметкерлері босану блогында жұмыс атқаратын қанша босанып жатқан әйелдің жанында болып,көмегін тигізгісі келсе де,мүмкіншілік бола бермейді. Жалғыздық сезімі дәл осы уақытта әйел адамға жақсы әсерін тигізбейді. Сондықтан жұбайының босану кезінде не істеу керек екені аян болып, көмегі артық болмайды.
Осы шақта толғақтың жеңіл болуына жұбайы арнайы уқалау массаждарын жасауына болады,яғни оны алдын ала оқып алу керек. Толғақ уақытында әйелдер өз-өздеріне есеп бере алмай, дұрыс дем шығара алмай кетеді, сол кезде дұрыс демалуды жұбайы көрсетіп жіберуі қажет және де ыңғайлы қалыпта тұруда көп көмегін тигізеді.
Серіктестік босану кезінде басты мәселе-моральдық көмек қажет болады. Жұбайнан басқа әйелін кім жақсы біледі? Кім одан басқа қажетті сөздерді айтып, оған қолдау көрсете алады? Көптеген жағдайларда әйелдер босану кезінде,дәрігерлер мен акушерлердің сөздерін тыңдағаннан гөрі жұбайларының сөздерін тыңдайды, бір қарағанда-бұл таң қаларлық жағдай болсада. Психологтар бұл жағдайды босану кезіндегі реактивті күй деп есептейді. Дәрігерлер бірнеше рет мысал келтіре алады,яғни жұбайларының қатысуының арқасында келеңсіз жағдайлардан сақтап қалғандарын.
Нұргүл Шалқарбаева,
Облыстық перинаталды орталық акушері.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<