КСРО халықаралық деңгейдегі спорт шебері Бақтай Сәпиев қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.«Қазақстан бокс федерациясы Бақтай Сәпиевтің дүниеден өтуіне байланысты Сәпиевтер отбасына көңіл айтады», – делінген ресми хабарламада.
Бақтай Сәпиев – КСРО халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Кеңес Одағы құрамасында болған, КСРО – АҚШ кездесуінде жеңіске жеткен. Бокстан КСРО чемпионы болған.
Википедиядағы мәлімет бойынша, ол – бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің ағасы.





