Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

193

0

Қызылорда, Қостанай, Түркістан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
6 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шымкент қаласында кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Түркістан қаласында кей уақытта тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал.
6 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<