Үш облыста ескерту жарияланды

239

0

Қызылорда, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет. 
31 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады, солтүстіктен соққан желдің бағыты оңтүстікке ауысып, жылдамдығы 15-20, күндіз оның екпіні 23 м/с-ке жетуі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында 31 мамырда түнде 2 градус қатқақ болуы ықтимал. Кей жерлерде жаңбыр жауып, таулы жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар аралас жаңбыр) жауады, найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп болжануда. Желдің ұйытқуы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.
31 мамырда Қостанай облысында найзағай ойнап, дауыл болады. Сондай-ақ, бұршақ жауып, оңтүстік-батыстан жел тұрады. Оның жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с болады.     

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<