Жадырап жаз шығысымен балалардың барлығы жазғы тынығу лагерлеріне барып тынығады. Дәстүрге айналған мұндай тынығу мерзімі жыл айналып тағы да келді. Осыған орай Қазалыдағы «Шағала» балалар лагері 1 маусымнан бастап жазғы тынығу маусымына балаларды қабылдады.Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығында өткен лагердьдің жазғы маусымының ашылу салтанатына қатысып, өнерлі жеткіншектердің концерттік бағдарламасын тамашалады. Сондай-ақ, жазғы демалыс кезінде балалардың жақсы тынығып, уақыттарын тиімді пайдалануларына тілектестігін білдірді.







