Шәмші әндерін шырқады

16

0

Облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл және қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Қазақ вальсінің королі – Шәмші» тақырыбында ардагерлер арасында облыстық ән байқауы өтті.

Байқаудың ашылуында сөз сөйлеген облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Мақ­сұт Баекеев жыл сайын дәс­түрлі түрде өтетін ардагерлер арасын­дағы ән байқауының жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор, жалпы кө­рерменнің  ықы­ласы ерекше еке­нін атап өтті.

Байқауға 20 ардагер қатысты. Олар екі бөлім бойынша өнер көр­сетті. Алғашқысы – Ш.Қал­даяқов әндерін, екіншісі – Сыр елі, Қызылорда туралы әндерді орындау.

Ән байқауының қорытындысы­мен Саракүл Асанбаева (Шиелі ауданы) бас жүлде, Тәжімбет Болатбек (Арал ауданы) І орын, Керекжан Құлмырзаев (Қармақшы ауданы), Роза Тұрмағамбетқызы (Сырдария ауданы) ІІ орын, Сұлтан Назаров (Қызылорда қаласы), Дә­ріқұл Махамбетов (Байқоңыр қаласы), Маржанкүл Ахай (Қазалы ауданы) ІІІ орын иеленді.

Ардагерлердің ән байқауына Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері, «Құрмет» орденінің иегері Рамазан Тайманов, Мәде­ниет сала­сының үздігі Ләйла Нәсім­ханова, «Мәдениет қайраткері» төсбел­гісі­нің иегері Сәбит Ұлықпан қазылық етті.

«СБ» ақпарат