«Шағала» лагерінде жазғы тынығу маусымы басталды

220

0

Фото: Қазалы ауданы

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығында өткен лагердің жазғы маусымының ашылу салтанатына қатысты.

Тынығу лагерінің ашылу салтанатында аудан басшысы балалардың жақсы тынығып, уақыттарын тиімді пайдалануларына тілектестігін білдірді. Сондай-ақ еліміздің ертеңгі тірегі болатын балалардың болашақтарының жарқын болуы, жайлы да жақсы өмір сүрулері үшін ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып өтті. Ал, өнерлі жеткіншектер ашылу салтанатына келген қонақтар мен ата-аналарына өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынды.

Аудан басшысы ашылу салтанатынан кейін лагерді аралап көріп, аудандық білім бөлімінің басшысы мен орталық директорына ең әуелі балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауды тапсырды.

Демалыс лагері биыл жылдағы дәстүрге сай жазғы маусымда 7 ауысым ұйымдастырып, әр ауысым бойынша 125 оқушыдан, барлығы 900-ге жуық баланы қабылдамақ. Балалар мұнда бес мезгіл тамақтанады. Олардың уақытты көңілді әрі пайдалы өткізуі үшін 12 тәрбиеші және 13 үйірме тұрақты жұмыс жасауда. Демалушылардың денсаулығына арнайы дәрігерлерде қарастырылған.

Қазалы ауданы әкімдігі