Ауданда электр желілерінің тозығы жетуіне байланысты жаңғырту жұмыстары өткен жылы басталды. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында 2023 жылы Аманкелді, Айдарлы, Жетікөл және Қоғалыкөл елді мекендерінің электр бағаналары мен желілері, трансформаторлары толық жаңартылған болатын.
Сондай-ақ, былтыр аудандағы үлкен ауыл – Шағанда да бұл жұмыстар бастау алған еді. Жоба құны – 1,1 млрд теңге. 2023 жылы 227 млн теңге бөлініп, толық игерілді.
Биыл аталған елді мекендегі электр бағаналары мен желілерін, трансформаторларды жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев атқарылып жатқан жұмыстарды көрді.
Мердігер мекеме – «Энергомера» ЖШС-нің өкілі жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқанын атады. Бүгінгі күнге 38 шақырым электр желісі жаңартылып, 190 бағана орнатылған.
Аудан әкімі электр бағаналары мен желілерін, трансформатордарды толық ауыстырғаннан кейін елді мекенде бұған қатысты мәселе болмайтынын жеткізді. Сондықтан мердігер мекеме өкілдеріне жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде атқаруды ескертті. Тиісті салалық орынбасар мен бөлім басшысына және ауыл әкіміне үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<