Шахматшылар 13 медаль иеленді

333

0

Алматы қаласында 6-18 жас аралығында жасөспірімдер мен қыздар арасында шахматтан ҚР чемпионаты өтті.

Классика, рапид жəне блиц түрлерінен өткен ел чемпионатына барлық өңірден 800 шахматшы бақ сынасты.

Жарыс нəтижесінде жерлестеріміз 13 медаль иеленді.

Классика түрінен Əсел Серікбай алтын алса, Назерке Нұрғали, Сұлтан Аманжол Сақыпжамал Бармағамбетова, Мейіржан Бармагамбетов қола жүлделерге қол жеткізді.

Рапид бойынша Əсел Серікбай, Сұлтан Аманжол, Назерке Нұрғали күміс, Сақыпжамал Бармағамбетова қола жүлделерді иеленді.

Блиц түрінен Əсел Серікбай 1-орынды жеңіп алса, Сұлтан Аманжол, Назерке Нұрғали, Сақыпжамал Бармағамбетова 3-орынға ие болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<