Шахматтан гран-при сайысы: Жансая Әбдімәлік бесінші орын алды

885

0

Шахматтан ФИДЕ (WGP) әйелдер арасындағы Гран-при жарысының бірінші кезеңі мәресіне жетті. Онда бақ сынаған қазақстандық Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік қай орынға ие болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана қаласында өткен Гран-при жарысында қазақстандық шахматшылар алғашқы ондықта болды.

Жарыс барысында Жансая Әбдімәлік бесінші орын алса, Бибісара Асаубаева оныншы орынға жайғасты.

Жарыстың соңғы турында Жансая польшалық Алина Кашлинскаяны жеңсе, Бибісара қытайлық Чжу Цзиньэрмен тең ойнады.

Он бір партия нәтижесі бойынша Жансая Әбдімәліктің еншісінде 2 жеңіс, 7 тең ойын және 2 жеңіліс болса, Бибісара Асаубаевада 1 жеңіс, 7 тең ойын және 3 жеңіліс бар.

Гран-при сайысын сегіз ұпай жинаған ресейлік Екатерина Лагно жеңіп алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<