Шалғай ауылдағы шаттық

314

0

Шалғай ауылдағы шаттық Жаңақорған ауданының Қосүйеңкіауылындағы №161-ші мектеп жазушы Дүкенбай Досжановтың бастамасымен салынған. Қазір қаламгер есімін иеленген мектеп өте әсем, ауласы желек, ішін гүл көмкерген. 

Бұл білім ошағындағысоңғы қоңырау салтанатына қатысқанда байқағанымыз 11-сыныпқа жетекшілік еткенГүлзада Нұрғалиева бітіруші шәкірттерін ертіп, топ жарып төрге орналасты.Түлектердің алдағы ҰБТ-ға дайындығы жақсы екені көрініп тұр. Осының бәріәлемнің мәнін берген, білімнің бәрін берген ұстаздар еңбегі.

Ардагер ұстаздар,ата-аналар, мектеп ұжы­мы­на, оқытушыларға дән риза. Мектеп әрбір адам үшінтемірқазық. Мектеп – өмір жалғасы, ұрпақтар сабақтастығы. Бітіргендеріне 10, 20жыл болған азаматтар келіп ұстаздарына құрмет көрсетті. 

Дүкенбай Досжановтайқазақтың әйгілі қаламгері салдырған мектепте ұрпақтар жалғасы өміршең боларына сеніміміз мол. 

 

Сәнімжан ҮМБЕТӘЛИЕВА, 

зейнеткер.