Шамамен 60 мың жолаушы Жаңа жылды пойызда қарсы алады

182

0

Фото: Qazaqstan ұлттық телеарнасы

Мереке күні жолаушылар арасында ең танымал бағыттар – «Астана-Алматы», «Астана-Шымкент», «Алматы-Шымкент», «Астана–Семей» және «Алматы-Семей».

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының мәліметінше, Жаңа жыл түні Қазақстандағы вокзалдарда 47 кассир кезекшілік етеді. Ал пойыздарда 73 пойыз бастығы мен 1 774 жолсерік, жалпы 115 пойыз бригадасы қызмет көрсетеді.

Айта кетсек, жұмысқа шыққан жолсеріктер кесте бойынша жолда 15 күн бойы қызмет атқарады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<