Шартты өрт қонақүйде тіркелді

374

0

Шартты өрт қонақүйде тіркелдіҚызылорда қаласындағы «Сұлтан Плаза» қонақ үйінде өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу бойынша шартты өрт алтыншы қабатта орналасқан №606 бөлмеде орын алды. Өрт қабат бойынша тез таралып, қою түтіннің салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді. Нысанның әкімшілігі шартты өрт туралы «101» телефонына хабар берді.

Өткізілетін оқу-жаттығудың негізгі міндеті өрт сөндіру бөлімшелерінің күш пен құралдарын нысанның күзет қызметі қызметкерлерімен өрт сөндіру кезінде іс жүзінде әрекетін пысықтау, адамдарды эвакуациялау және құтқару.

Өрт-тактикалық жаттығу барысында жоғары қабаттардан зардап шеккендерді құтқару бойынша газ-түтін қорғау буындарының жедел іс-әрекеттері жүргізілді. Құрылған оқиға орнында жедел штаб шартты өрт сөндіруге қатысқан өрт сөндірушілердің әрекеттерін басқарды.

Оқу-жаттығу өрт сөндіру қызметінен 53 қызметкер және 11 бірлік техника, ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығы, ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы, Жергілікті полиция, жедел медициналық көмек, қалалық электр торабы, газ қызметтерінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Мұндай жаттығулар адамдардың бағалау дайындығын және қажет болған жағдайда, көмек көрсету үшін өткізіледі, -деп Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н. Ибрагимов қорытындылады.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<