«Шаттандырғыш шарлар»: Түнгі клубта саудасы қызған шарларға тыйым салынды

1022

0

Фото: Полиция департаменті

Қызылорда қаласында түнгі клубта азот оксиді құйылған шарлар ашық сатылып жатқан туралы әлеуметтік желіде таратылған.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері түнгі клубқа рейдтік жұмыстарын жүргізді.

"Шаттандырғыш шарлар": Түнгі клубта саудасы қызған шарларға тыйым салынды

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2дана 10 литрлік газ боландары анықталды,полиэтилен пакетіне салынған шариктер,1 дана «кальян» аппараты анықталып заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 310-бабының 1-бөлігі бойынша (Дәрiлiк немесе басқа да құралдарды пайдаланып есеңгiрету үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау) сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері басталды.

Жалпы шара “Заң мен тәртіп” жобасы аясында ұйымдастырылды.

Мақсат – қоғамдағы тәртіп пен тыныштықты қадағалау.
Демалыс күндері мен алтыншы күндері қала күшейтілген режимде жұмыс жасайды. Әрбір ойын сауық орталықтарына тексеру жұмыстарын жүргізеді.