Бүгін «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалының бастамасымен құрылған арнайы топ Қалжан ахун және С.Сейфуллин ауылдық округтерінде болып көшпелі қабылдау өткізді.
Көшпелі қабылдаудың негізгі мақсаты ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарға шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың шарттарын, оның тиімділігі мен мүмкіндіктерін жан-жақты түсіндіру.
Қабылдау барысында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебұлан Жақып «Нұр Отан» партиясының кәсіпкерлікке заңнамалық және саяси қорған болуды өзінің аса маңызды негізгі қызметінің бірі етіп белгіленгендігін атап өтіп, шағын және орта бизнесті дамытудың маңыздылығына тоқталды.
– Бүгінгі таңда еліміздің алға қойып отырған міндеттерінің бірі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік саяси жаңғырудың басты құралы. Кешегі Елбасымыздың бес әлеуметтік бастамасындағы шағын несие беруді көбейту 4 бағыты, мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік беріп отырғандығын айтты.
Сонымен қатар аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мемлекет басшысының өткен жылғы Жолдауында елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету, 5 институттық реформасындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау, кең ауқымды жекешелендіру орта тапты нығайтуға жаңа серпін бергендігін айтып өтті.
– Елімізде іскерлік ахуалды жақсарту бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, 2015 жылы Дүниежүзілік Банк Қазақстанды осы сала бойынша әлемдегі жетекші реформатор деп танып, еліміз «Doing Business» рейтингінде 41-ші орын алды. Бүгінде біздің партиямыз кәсіпкерлік қызметке жасалатын жағдайды әлемдегі жетекші елдердің деңгейіне жеткізу үшін осы реформаларды жалғастырып келеді. Басты екпін кедендік әкімшілік ұйымдастыру мен рұқсат беру жүйесін жақсартуға, кредиттерді субсидиялау немесе кепілдік беру процестерін автоматтандыруға түсіріліп отыр. 2021 жылға қарай Қазақстан «Doing Business» рейтингінің ТОП-25 елінің қатарына кіріп, мемлекеттің экономикадағы үлесінің азаюын ескере келгенде, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-нің үлесі бүгінгі 25%-дан, 30%-ға дейін артуын көздеп отыр, – деді Еркебұлан Жақыпов.
Топ құрамында келген Сырдария аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы, аудандық кірістер басқармасының бөлім басшылары келушілерге заң аясында түсіндірмелік жұмыстар жүргізді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<