Бүгінде Арал ауданына қарасты 7 ауылдық округтің аумағында ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы 28 818 гектар аумақты өңдеу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 10 364 гектары өңделді. Бұл жұмыстар 13 мамырда басталған. Өңдеу шараларына 12 жерүсті бүріккіш агрегаты, 2 авиақұрылғы, 3 дрон және 2 жеңіл ұшақ жұмылдырылған. Сонымен қатар, ауданда 324 маман аталған жұмыстарға тартылған.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі






