ШЕКАРАЛЫҚ АУМАҚТА ӘСКЕР САНЫ КӨБЕЙДІ

263

0

Түркия Сирияның солтүстігіндегі Идлиб провинциясымен шекаралас аумақтағы әскерін көбейткен. Reuters агенттігінің хабарлауынша, 12 қаңтарда Түркияның Хатай провинциясына танкілер пен бронды техника колоннасы жетіпті. Түркияның қауіпсіздік қызметі бұған қатысты түсініктеме берген жоқ және Сирияда жаңа әскери операция бастау туралы деректі жоққа шығарды.

Жуырда АҚШ мем­лекеттік департа­мен­тінің басшысы Майк Помпео  Түркия сыртқы істер министрімен кездескеннен кейін күрд жасақтары мәселесінде Түркиямен келісімге келетініне сенімді екенін айтқан.

Осы уақытқа дейін АҚШ Сирияның солтүстігінде «Ислам мемлекеті» террористік ұйым содырларымен соғысып келген күрдтердің «Халық қорғанысы жасағын» (YPG) қолдап келген.  Ал Түркия тарабы ИМ-ге қарсы АҚШ жағында соғысқан күрд жасақтарының Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы бар деп біледі. Түркия мен көптеген ел, оның ішінде Еуропа Одағы Күрдістан жұмысшы партиясын «террорлық ұйым» деп санайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<