Шектеулер мен айыппұлдар: 2024 жылы Kaspi Gold-ты қалай қолдануға болады

2594

0

Фото: ашық дереккөз

Бірінші қаңтардан бастап әдеттегідей әр салада айтарлықтай өзгерістер орын алды. Бұл ретте, күнделікті қолданып жүрген Kaspi Gold бойынша да сіз ескеретін жайттар бар, деп жазады Ulysmedia.kz.

Заңгерлердің айтуынша, банк тұтынушылары төмендегі ережелерді ескеруі тиіс.

Егер сіздің атыңызда жеке кәсіпкерлік тіркелген болса, кәсіпкерліктен түскен қаражаттарды Kaspi Gold арқылы аудару заңбұзушылыққа жатады. Кез келген тауар сатсаңыз да, өзге де кәсіпкерлік қызмет көрсетсеңіз төлемді кәсіпкерлік шотқа, яғни, Kaspi Pay (қашықтан төлем, QR) арқылы алуыңыз керек.

Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда тіркелген жалпы сома есепке алынып, айыппұл мен 10 пайыз мөлшерінде салық төлеу міндеттеледі.

Егер сіздің атыңызда жеке кәсіпкерлік тіркелмесе, алаңдайтын түгі жоқ. Бұрынғыдай жақындарыңыздан, достарыңыздан ақша қабылдай бересіз.

Естеріңізге салсақ, 2019 жылы ҚР-дағы ең танымал банктердің бірі мобильді қосымша немесе QR-код арқылы пайдаланушыдан пайдаланушыға ақшаны жедел аударуға мүмкіндік беретін жаңа төлем жүйесін іске қосқан болатын. Қазақстандықтар жаңа жүйенің ыңғайлылығын бірден бағалап, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшті. Қазір кез-келген дүкенде, сұлулық салонында немесе көкөніс сататын дүкенде мобильді аударым арқылы шот-фактураны төлеуге болады. Бірақ, жоғарыда айтылғандай жеке кәсіпкерлігіңіз болса, ережелерді ескеру маңызды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<