Шеру акциясы өтті

477

0

Фото: Полиция департаменті

«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» мерекесіне орай өткізіліп жатқан айлық аясында, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасы шеру-акциясын ұйымдастырды.

Акцияға облыстың білім беру мекемелері қатысты. Шерулер Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандары бойынша білім бөлімдері және «Атамекен» балалар ауылы, М.Маметова атындағы Қызылорда жоғары педогогикалық колледж ұжымдарымен бірлескен түрде ұйымдастырылды.

Шеру акциясы өтті

Бұл акция балалардың, жасөспірімдердің және жастардың психоактивті заттардың таралуы мен қолданылуына теріс көзқарасын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салты дағдыларын қалыптастыру, олардың денсаулығына құндылық қатынасы және есірткіден бас тарту үшін ұйымдастырылған.

Шеру акциясы өтті

Шеруге қатысушылар есірткіге қарсы мазмұндалған транспаранттарды алып, колонна болып өтті. Шеруден кейін митингілер өткізілді, одан кейін Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасы ұйымдастырған, есірткіге қарсы сайыстардың жүлдегерлері өз өнерлерін көрсетті: спорттық әрекеттер, билер, шешендік үндеу жасау, суреттер көрмесі, есірткіге қарсы рэп әндері мен қойылымдар және тағы басқалар.

Бұл акция-шеру болашақта да осындай іс-шараларды өткізу үшін оң нәтиже көрсетті.

Шынар БЕКБАН

Шеру акциясы өтті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<