Шет елде жүрген қазақстандықтарға құжат рәсімдеу жеңілдейді

467

0

Сурет: pexels

Әлемнің 10 қаласында тұратын қазақстандықтарға құжат рәсімдеу жеңілдей түседі.

Ішкі істер министрлігі биыл Оттава, Торонто, Вена, Афина, Варшава, Киев, Париж, Прага, Баку және Ұлан-Баторда консулдық қызметтерге электронды құжаттандыру сервисін қосуға бастама көтерді.

Бұл цифрлық қызмет арқылы жат жерде тұратын жерлестер құжаттарын 3-6 айға дейін күтпей, 30 күн ішінде алады, деп жазады qazaqstan.tv.

Аталмыш жоба бүгінде әлемнің 15 еліндегі Қазақстан консулдығында іске қосылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<