Шет тілі мен орыс тілі пәндері оқытылмайды

626

0

1-сыныптардағы «Көркем еңбек» пәні «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» болып бөлінді. Сондай-ақ, «Шетел тілі» және «Орыс тілі пәндері» оқытылмайды. Бұл туралы облыс білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағамбет бүгінгі тамыз кеңесінде мәлімдеді.

– Өздеріңізге белгілі Жаңа оқу жылы жаңа міндеттер жүктеуде. Оқу жылының жаңалықтарында: оқушылардың апталық оқу жүктемесін азайту мақсатында оқу жылының ұзақтығы 34 аптадан 36 аптаға ұзартылып, оқу күндері 31 мамырға дейін жалғасады. Қызылорда қаласындағы үш ауысымда оқытатын 6 мектептен басқа, аймақтағы барлық білім беру ұйымдары5 күндік оқу аптасына ауыстырылады, – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<