Шетелде топ жарған шәкірттер

244

0

 Сыр бойы оқу­шы­лары 11-14 наурыз ара­лығында Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен халық­аралық ғылыми-тәжірибелік конференция­да бас жүлдені иеленді.
Конференцияда биология ба­ғыты бойынша  Дана Айдарбек, Аймерей Байғабылова, Афрасняб Коб­диков және Шахризада Ақ­мұрат өз жобаларын таныстырды. Нәтижесінде Дана Айдарбек пен Аймерей Байғабыловаға  бас жүлде бұйырды.
– Біз өз ата-анамыз бен мұға­­лім­де­рімізге алғыс ай­­­тамыз. Ұс­таз­­дардың ар­­қа­сында рес­пуб­ли­ка­лық кон­ференцияда топ жа­­рып, ха­лықаралық до­да­ға жолдама алдық. Онда да биіктерден түспей, Сыр бойы оқу­шыларының білім бәсекесінде қабілетті екендігін тағы бір дәлелдедік. 2017 жылдан бері осы додаға дайындалып, ақырында жүл­деге қол жеткіздік, – дейді Ақмерей Байғабылова.
Айта кету керек, жүлделі оқушылар №15 мектеп-лицейінде білім алады. Әрдайым ізденістері өз жемісін беріп, шетелде топ жарған шәкірттері үшін лицей мұғалімдері де аса қуанышты.
Ержан ҚОЖАСОВ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<