Бүкіләлемдік сауда ұйымындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Жанар Айтжанованың хабарлағанындай, 2020 жылдан бастап шетелдік банктер Қазақстанда өз филиалдарын қайта ашатын болады.
«Біз Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіргеннен 5 жыл өткен соң өзімізге нақты міндеттеме алған болатынбыз. 5 жыл 2020 жылы келеді. Міне, сол сәттен бастап шетелдік банктердің филиалдары мен офистерін ашып, олардың қаржылық қызметтер көрсетуіне рұқсат береміз», – деді ол БСҰ-ға кіруге арналған әжілісте.
Оның айтуынша, шетелдік банктердің ашылуы Қазақстанның банк секторында бәсекелестікті нығайтып, бизнес пен халыққа қаржы қызметін көрсету саласын жақсартатын болады.





