Щучинск қаласындағы “Центр плова” дәмханасында болған жарылыстан зардап шеккен екі адам қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ауданның денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек екі науқастың ауруханада көз жұмғанын айтты.
Оның айтуынша, дәрігерлер бар күшін салып, оларды өлімнен арашалап қалуға тырысқанымен науқастарды аман алып қала аламаған. Зардап шеккендер өте ауыр жағдайда болған.
“8 наурыз күні зардап шеккендердің бірі Авиценна-Бурабай стационарының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 9 наурызда Көкшетау қаласындағы көпсалалы облыстық ауруханада ем қабылдап жатқан тағы бір науқас көз жұмды. Дәрігерлер басқа зардап шеккендердің өмірі үшін әлі де күресіп жатыр. Олардың емделіп кетуі үшін барлық қажетті мамандар мен техникалық ресурстарды тартып, толық көлемде медициналық көмек көрсетіліп жатыр”, – деді облыстың бас дәрігері.
Бұған дейін жарылыс салдарынан 9 адам қайтыс болғанын жазған едік.






