Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен аудан активінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, жауапты мекеме басшылары, медицина саласының қызметкерлері қатысты.
Жиында Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалған Жаңабайұлы Еркін таныстырылды.
Жаңабайұлы Еркін 1986 жылы 16 желтоқсанда Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2004 жылы Қызылорда медициналық колледжінің «Емдеу ісі» бөліміне түсіп, 2007 жылы бітірген. 2007-2012 жылдары С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін «Емдеу ісі» факультеті бойынша тәмамдаған. 2012-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясынан «Емдеу ісі» мамандығы бойынша интернатурадан өткен.
Еңбек жолын, 2013 жылы Қызылорда облыстық медицина орталығында невропатолог дәрігер, 2022 жылы Сырдария аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары м.у.а, 2024 жылы Сырдария аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2025 – 2026 жылдары Қызылорда Облыстық қан орталығы директорының медицина жөніндегі орынбасары болған.
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков бас дәрігер Еркін Жаңабайұлын жаңа лауазымымен құттықтап, атқарылатын қызметінде сәттілік, табысты әрі жемісті еңбек тілеп, аудандық медицина саласын дамытудағы маңызды жауапкершілікті атап өтті. Аудан басшысы Жаңабайұлы Еркіннің кәсіби тәжірибесі мен біліктілігі аудан тұрғындарына сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.
Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмас Әбілпатта Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының бас дәрігері Жаңабайұлы Еркінге кәсіби қызметінде сәттілік тілеп, аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуге табыс тіледі.
Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі






