Шиелі ауданына жұмыс сапарымен келді

595

0

Шиелі ауданына ҚР Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы келді. Аудан әкімі Нұржан Ахатовпен бірге бірқатар елді мекендерді аралап, тұрғындармен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Тұрмағанбет Жағыпбаров, аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов пен тиісті сала басшылары қатысты.

Ең алдымен, Сенат депутаты Бәйтерек ауылдық округіне ат басын бұрды. Күрделі жөндеуден өтіп жатқан көпір құрылысын көріп, №148 орта мектеп ғимаратының бу қазандығын газға ауыстыру жұмыстарымен танысты. Ауыл тұрғындарымен жүздесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Жаңатұрмыс ауылдық округіндегі жаңадан салынып жатқан 250 орындық мектептің, Шиелі кентінде салынып жатқан спорт сауықтыру кешенінің, күрделі жөндеуден өтіп жатқан бұрынғы «Өскен Өңір» редакциясы ғимаратының жұмыстарын қарап шығып, жұмысшылардың жағдайын сұрап, құрылыс барысы туралы әңгімелесті.

Сондай-ақ, Бәйгеқұм ауылдық округіндегі клуб үйінде тұрғындармен жүздесіп, әлеуметтік мәселелер жайында сөз қозғалып, «сұрақ-жауап» форматында кездесу өтті.

Талаптан ауылдық округіндегі спорт мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, ауыл халқымен амандасып, пікір алмасты.

Барлық елді мекендерде де тұрғындар ойда жүрген ұсыныстарын жеткізіп, Сенат депутаты мен аудан басшысының алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<