Бүгін Рәміздер алаңында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуге арналған іс шара өтті. Алаңға жиналғандар мемлекеттік тумен келді.
Шара басында Әнұранымыз орындалып, жиналған көпшілікті аудан әкімі Айтбай Жандарбеков құттықтап, мерекенің маңыздылыған тоқталды.
Айтулы күні аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Сондай-ақ, бірнеше мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ант қабылдады.
Аталған шара автошерумен жалғасып, ұйымдастырушылар аудан тұрғындарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.
Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі






