Шиелі кентінде уран саласы қызметкерлерімен «Конституциялық реформа» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шара Семізбай-U ЖШС ұжымының қатысуымен өтті.
Кездесу барысында конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары жан-жақты баяндалып, олардың елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы және азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудегі маңызы атап өтілді. Әсіресе, қоғамдық диалогты дамыту, мемлекеттік басқаруда ашықтықты арттыру және халық пікірін ескерудің тетіктері кеңінен түсіндірілді.
Жиында Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Ысмағұлов Болатбек Әбдулхайысұлы сөз сөйлеп, реформалардың стратегиялық мәніне тоқталды. Сонымен қатар, қоғамдық даму бөлімінің басшысы Есенбаев Кенжехан Шахизатұлы өзгерістердің мазмұны мен күтілетін нәтижелері туралы нақты ақпарат берді.
Шара соңында қатысушылар өз сауалдарын қойып, ашық пікір алмасты. Мұндай мазмұнды кездесулер азаматтардың құқықтық сауатын арттырып, ел болашағына деген жауапкершілікті күшейтуге ықпал етеді.






