Шиеліде экологиялық акция қарқынды жалғасуда

476

0

Фото: Шиелі ауданы

Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында 500-ге тарта еріктілердің, қоғам белсенділері мен тұрғындардың қатысуымен су айдындары мен арналарында тазалық жұмыстары ұйымдастырылуда.

Сенбілік барысында су арналарының жағасы күл-қоқыс пен қураған ағаштардан, арам шөптерден тазартылып, ретке келтірілуде.

Жалпы экологиялық акцияға аудандағы елді мекен тұрғындары да белсене қатысып жатыр. Ауылдық округтердегі мекеме аулаларына тазалық жұмыстары жүргізіліп, көше бойларындағы қоқыстарды тазалау, су арналарын ашу жұмыстары атқарылуда.

Мәселен, акция барысында Ортақшыл елді мекеніне аяқ су келетін Л5 каналы арнайы техниканың көмегімен механикалық тазалаудан өткізілген болатын.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз
қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<