Шиеліде партия филиалының хатшысы тағайындалды

37

0

Фото: Аманат партиясы

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Шиелі ауданының партия активімен кездесті.

Ол тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсартудағы партия рөлін, бастауыш партия ұйымының жұмысын күшейту бойынша алдағы міндеттерге тоқталды. Осыған дейін аудандық филиалды абыроймен басқарған Болат Сыздықты зейнеткерлікке шығуымен құттықтады. Жемісті еңбегі үшін оған ризашылық білдіріп, республикалық партия хатшысы Дәулет Кәрібектің алғыс хатын табыстады.

Ал филиалдың атқарушы хатшысы болып Жібек Баймұратова тағайындалды. Жібек Баймұратова 1993 жылдан бастап аудандағы білім ордаларында түрлі жауапты қызметтер атқарған. Әр жылдары Шиелі аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары, басшысы болды. Аудандық қоғамдық даму бөлімін басқарды.

Партиялық бақылау бекетінің төрағасы Насыр Мырзабеков, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Нәйла Палымбетова оның қызметіне сәттілік тіледі. Ал жазушы-журналист Нұрмахан Елтай мемлекеттік бағдарламалардың өңірдегі орындалу барысына тоқталды. Жібек Баймұратованың жауапты қызметте іскерлік қабілетімен танылатынына сенім білдірді.

Облыстық филиал төрағасы сондай-ақ «Шиелі-Сұңқар» бастауыш партия ұйымының жұмысымен танысты. Иіркөл ауылдық округіне қарасты Жансейіт елді мекенінде мемлекеттік бюджет қаржысына бой көтерген 110 орындық мектеп құрлысының басында халықпен жүздесті. 

Ғазиза РҮСТЕМБЕК,

Шиелі ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<