Шиеліде шырша шамы жағылды

816

0

Орталық алаңға жиналған аудан тұрғындары мен қонақтары бүгін жаңа жылдық шырша шамын жағу рәсімін тамашалады.

Салтанатты рәсімде аудан әкімі Нұржан Ахатов құттықтау сөз алып, ауданның өткен жылдағы толағай табыстарымен бөлісіп, аудан халқын санаулы күндерден кейін келетін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

– Биылғы барыс жылы еліміз үшін бірлік пен татулық сыналған айрықша жыл болды. Оның ішінде біздің киелі Шиелі ауданы үшін барыс жылы ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен есте қалды. Аймақтағы көктемгі дала жұмыстары біздің Шиелі ауданынан бастау алып, күріштің алғашқы дәні «Ақмая» шаруашылығының егіс алқабында себілді. Нәтижесінде, аудан диқандары 30 мың 301 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырып, оның ішінде 10 мың 750 гектар аумаққа күріш екті. Еселі еңбектің арқасында, жиын-терім науқанында қамбамызға 60 мың тоннадан астам күріш жиналды. Міне, бұның өзі халықтын несібесі биылғы «Барыс» жылының елге деген берекелі тартуы деп білемін. Алдағы қоян жылы да молшылық пен ізгілік жылы болсын, – деді аудан басшысы өз сөзінде.

Шиеліде шырша шамы жағылды

Салтанатты шараға қатысқан көпшілік қауымға аудан өнерпаздары мерекелік көңіл-күй сыйлап, әсем әуенге бөледі. Шырша шамын жағуымен бірге тұрғындар мерекелік отшашудың куәсі болды.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<