Шиеліліктер Отан қорғаушылар күнін атап өтті

745

0

Бүгін Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті. Аудан әкімі Нұржан Ахатов іс-шараға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс күнімен құттықтап, игі тілегін арнады.

– Баршаңызды 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен және де 9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Біз жуырда ғана Қазақстан халықының бірлігі күні мерекесін тойладық. Енді батыр азаматтарымыз бен ерліктің мерекесін атап өткелі отырмыз. 9 мамыр – адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстағы жеңіс күні. Бұл – атамекен, туған жерді жан сезіммен қастерлей білген, Отанға деген сүйіспеншілікті паш еткен мерейі үстем, мәртебесі биік мереке.

Шиеліліктер Отан қорғаушылар күнін атап өтті


Қан майданның қасіретін тартпаған, зұлмат күндер жанына батпаған адам жоқ. Соғысқа әлем халқының 80 пайызы, сол кездегі әлем картасындағы 73 мемлекеттің 62-і қатысты.


Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 40 мемлекеттің жерінде соғыс қимылдары жүріп, 27 млн астам адам тікелей майдан даласында, 60 млн астам адам соғыс кесірінен қаза тапты.
1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысына «Отан үшін соғыссаң – күймейсің, арың үшін алыссаң – өлмейсің», – деген халық даналығын үлгі еткен 1 млн 366 мың қазақстандық қатысты.


Бұл соғысқа Қызылорда облысынан 70 мыңнан астам адам аттанды. Оның 35 мыңы майдан даласында қаза тапты. Ал, ауданымыздан 6 мыңнан астам адам соғысқа аттанып, олардың 4407-сі майдан даласынан оралмай қалды.


Бүгінде сол жеңісте жақындатқан хас батырларымыздан соғыстың соңғы сардары аталып кеткен Сәрсенбек Байжанов ақсақал ғасыр асып, 100 жасқа толып отыр. Алла Тағала қариямызға денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін.
Бұйырса, ардақты атамызды 9 мамыр күні аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев арнайы келіп, киелі шаңырағында құттықтайтын болады.
Қос мерекені қатар атап өту арқылы, Біздер Ұлы Отан соғысында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен батыр бабаларымыздың ерлік жолын нәсихаттап, елдің тыныштығын, шекарамыздың бүтіндігін сақтауда әрбір ер азаматтың алар орны ерекше екендігін жас жеткіншектерімізге ұғындырмақ ниеттеміз. Сонда ғана жас буын ерліктің қандай қасіретпен, бейнетпен келгендігін жан-дүниесімен сезінеді деп ойлаймын, – деді аудан әкімі.

Салтанатты іс-шарада аудан әкімі Нұржан Ахатов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, ауданымыздың дамуына өзіндік үлес қосып жүрген бірқатар сала мамандарын, Отан қорғау жолында ерлік көрсете білгені үшін және қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналарын, жұбайларын облыс әкімінің, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Сондай-ақ, мерекелік кеште Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің орманшы инспекторларға орман қоры жерлерінің күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарын сапалы жүргізу мақсатында мекемеге арнайы жол таңдамайтын 10 дана мотоцикл және 1 дана УАЗ патриот автокөлігі табысталады.

Жиын соңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, отансүйгіштікке үндейтін патриоттық әндер көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

©Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<