Шиелінің өнімдері шет мемлекеттерге экспортталуда

576

0

Биыл Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң қарқын бар. Оған дәлел ретінде ауданның бюджеттік кірісін ерекше атауымызға болады. Жыл басынан бері аудандық бюджеттің кірісі – 5 млрд.438 млн теңгеге артып, 112,7 пайызға орындалды.

Сонымен қатар экономиканың негізгі тірегі саналатын маңызды салалардың бірі – өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі – 36,1 млрд теңгені құрап отыр. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,5 пайызға өскен. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 15,9 млрд теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов мәлімдеді.

– Жыл басында аудандық бюджет – 10 млрд 754 млн теңге көлемінде бекітілді. Оның ішінде, аудандық бюджеттің өз кірісі – 4 млрд 298 млн теңге. Ауданымызда экспорт көлемі де артып келеді. Атап айтқанда, ірі кәсіпорындардың бірі – «Фирма Балауса» ЖШС-нің «Бала-сауысқандық кенішінде қара тақта тасты автоклавты өңдеу» жобасы. Осы кәсіпорыннан шығарылған 190 630 тонна өнім Ресей, Ұлыбритания, Австрия елдеріне экспортталды. Сонымен қатар, «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» Өзбекстанға бірінші жартыжылдықта 81 579 тонна цемент жөнелтілді. Жалпы негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі – 16 млрд теңгені құрап, 2,2 есеге артты. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі – 5,5 млрд теңгеге орындалып, 155,6 пайызға артты. Оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 31 567 шаршы метрді құрап отыр, – деді аудан әкімі Нұржан Ахатов.

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<