Шілдеден бастап коммуналдық қызметтер қанша пайызға қымбаттайды?

601

0

Елімізде шілдеден бастап электр мен жылу энергиясы қымбаттайтыны туралы бұған дейін де айтылған. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тарифтің неше пайызға көтерілетінін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Министр журналистердің сауалына қарай, биылғы шілде айынан электр энергиясының тарифі қымбаттайтынын нақтылады.

«Бұл кейбір аймақтарда 10 пайыздан басталып, 30 пайызға дейін көтерілуі мүмкін. Жылудың жаңа бағасы жылу беру маусымы басталғанда қосылады. Ескеретін жайт, тариф мөлшері әр өңірде әртүрлі бекітіледі», – деді Әлібек Қуантыров.

Министрлік жетекшісі айтқандай, бүгінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында еңбек ететін жұмысшылардың да жалақысын көтеру кезек күттірмейді. Себебі жалақының аздығынан мамандар жұмыстан кетіп жатыр.

Әлібек Қуантыров ел аумағында жылу беру желілері 85 пайызға дейін тозғанын еске салып, проблеманы шешу үшін тарифті көтеру қолға алынғанын атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<