Шілденің соңы мен тамыздың басында 41 градус аптап ыстық келе жатыр

254

0

Фото: Pexels

Қазгидромет синоптиктері 30 шілде — 1 тамыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.

Батыс антициклонның әсеріне қарамастан солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді.

Еліміздің қиыр солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың тауларында қатты жаңбыр және бұршақ жауады, дауыл тұрады.

Ал Сарыарқа даласында және еліміздің оңтүстігіндегі шөлді аудандарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің батысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндізгі уақытта қатты ыстық болады.

1 тамызда елдің оңтүстік-шығысында жекелеген аудандарда +41°дейін өте қатты аптап болады деп болжанып отыр. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<