6 шілде күні «Қайсар» футбол клубының ойыншылары мен жаттықтырушылары Татарстан Республикасына барып, Әлем чемпионатындағы Бразилия мен Бельгия құрамалары арасындағы ширек финал ойынын тамашалап қайтты.
Осыдан бір күн бұрын қайсарлықтар Шымкенттің «Ордабасы» командасын 2:1 есебімен жеңген болатын.
Ал «Қазан-Арена» алаңында өткен Бразилия мен Бельгия арасындағы матчта бельгиялықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.
– Командамыздың көңіл-күйі өте жақсы, «Ордабасымен» өткен матчта жеңіске жетіп, бүгін әлем чемпионатын көзбен көріп отырмыз. Осыған қолдау көрсеткен аймақ басшысына алғыс білдіреміз. Ойын ерекше әсер қалдырды, біз көп нәрсені көңілге түйдік. Бұл бізді жаңа жетістіктерге шабыттандырады, – деді «Қайсардың» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген.
Бүкіл әлем көз тіккен чемпионаттың жартылай финалына шыққан мықтылар анықталды. Олар Англия, Бельгия, Франция және Хорватия командалары.
Ал қайсарлықтар 14 шілдеде қостанайлық «Тобыл» футбол клубымен болатын матчқа дайындық үстінде
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<