Ішкі істер министрлігі полицейлердің жаңа киім үлгісін көпшілік талқысына шығарды

58

0

істер министрлігі қазақстандық полицейлердің жаңа киім үлгісінің жобасын көпшілік талқысына ұсынды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің жұмыс киімі соңғы рет 2005 жылы өзгерген. Бүгінде ол заманауи талаптарға сай келмейді.
«Формаға қойылатын негізгі талаптар – оның қолайлылығы, тартымдылығы және артық элементтердің болмауы. Киімдердің дизайнына, дайындалуына қосымша қаражат талап етілмейді. Полиция қызметкерлері нысанды киім-кешекпен кезең-кезеңімен қамтамасыз етіледі. Ол ескірген киімді ауыстыруға бөлінетін жыл сайынғы қаражат есебінен жүзеге асырылады», – делінген хабарламада.
Ішкі істер министрлігі барша халықты полицейлердің жаңа киім үлгісін талқылауға қатысып, белсенділік танытуға шақырады. Киім үлгілерімен ІІМ-нің Инстаграмдағы ресми парақшасынан таныса аласыздар.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз