Шәкірттерге сертификат табысталды

1328

0

Шәкірттерге сертификат табысталды Кеше «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанындағы «Араб тілі» орталығының шәкірттеріне ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы атынан тағайындалған сертификат табысталды.
Бұдан бұрын, Сыр өңірінің Бас мешітінде тұңғыш рет мешіт жанынан «Араб тілі» орталығы ашылғанын хабарлаған едік. Бүгінде, аталмыш орталықта жиырма бес шәкірт ұстаздан араб тілінің қыр-сырын үйреніп, тілді жетік меңгеру жолында білім алуда. Шәкірттердің үлкені 60-ты алқымдаған аналарымыз болса, ең кішісі 8 жасар Аружан.
ҚМДБ Қоғаммен байланыс және насихат бөлімі, «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Л.Сыдықова мен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ұстазы Н.Ахметова шәкірттерден емтихан қабылдап, білімін тексерген соң, «Араб тіліне алғашқы қадам» курсын үздік тәмамдаған он екі шәкіртке келесі кезеңге жолдама берді.
«Араб тілі – оңай тіл емес. Пайғамбарымыздың хадис шәрифінде айтылғандай, тәкаппар адам мен ұялшақ адам білімнен мақрұм қалады. Тал бесіктен жер бесікке дейін білім алу баршамызға – парыз. Алдағы уақтытта тілді толық меңгеріп шығатындарыңызға сенімдімін! Алла Тағала зейіндеріңізді ашсын!»- деп, ізгі тілегін білдірген Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы шәкірттерді сертификатпен марапаттады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<