Шүменов – Алтункая бокс кешіне кімдер қатысады?

292

0

7 шілде күні Астанада өтетін Шүменов – Алтункая бокс кешіне қатысушылардың аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» СС-ға сілтеме жасап. 

Бірінші орта салмақта WBA (Regular) тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін өтетін басты жекпе-жекте қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбіт Шүменов (17-2-0, 11КО) пен түркиялық Хизни Алтункая (30-1-0, 17КО) шаршы алаңға шығады.

Сондай-ақ екінші орта салмақта – Айдос Ербосынұлы (7-0-0, 6КО, Қазақстан) пен Исмат Эйнуллаев (13-3-0, 9 КО, Әзербайжан); бірінші ауыр салмақта Уәлихан Бисенқұлов (5-0-0, 5КО, Қазақстан) пен Анар Абуллаев (2-2-0, 2КО, Әзербайжан); бірінші орта салмақта Бауыржан Момынов (6-0-0, 5КО, Қазақстан) пен Георгий Блиадзе (7-6-0, 2КО, Грузия); бірінші ауыр салмақта Али Балоев (4-0-0, 3КО, Қазақстан) пен Казим Умудов (2-0-0, 1КО, Әзербайджан); екінші өте жеңіл салмақта Айдын Елжанов (4-1-0, 3КО, Қазақстан) пен Аскар Рагимов (2-1-0, 1КО, Әзербайжан); екінші орта салмақта Арман Рысбек (3-0-0, 2КО, Қазақстан) пен Сандро Терашвили (4-1-0, 2КО, Грузия); Диас Тастеміров (2-0-0, 2КО, Қазақстан) пен Эльвин Ахунзада (4-0-0, 2КО, Әзербайжан); бірінші ауыр салмақта Еділ Қожамбердиев (3-2-0, 3КО, Қазақстан) пен Сергей Белошапкин (11-27-1, 3КО, Ресей); екінші орта салмақта Ибрагим Ескендір (3-0-0, 3КО, Қазақстан) мен Серік Әжібаев (0-1-0, Ресей); екінші жартылай жеңіл салмақта Мейіржан Рақымжанов (дебют, Қазақстан) пен Александр Салтыков (11-48-3, 6КО, Ресей) өзара мықтыны анықтайды.

Еске сала кетейік, Бейбіт Шүменов – Хизни Алтункая бокс кеші Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді. Шараны  «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары эфирден көрсетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<