7 шілде күні Астана қаласында ауқымды бокс кеші өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
«Біз АҚШ және өзге де мемлекеттердің кәсіпқой рингтеріне шыға алатын қазақтандық боксшылар аз емес екендігіне сенімдіміз, алайда оларға өздерін көрсете алатын мүмкіндік қажет. Мен тек жеңіс үшін емес, отандық жас боксшыларға жол ашып беру үшін Астанада рингке шығатын боламын», – деп бөлісті Шүменов таныстырылымында.
Кешті белгілі ринг-анонсер Майкл Баффер жүргізбек. Роберто Дюран, Эвандер Холифилд, Хуан Мануэль Маркес, Дэвид Хэй, Хорхе Линарес сынды кәсіпқойлар арасындағы бұрынғы және қазіргі чемпиондар шараның арнайы қонақтары атанбақ. Snoop Dogg, 50 Cent, Тимати, Қайрат Нұртас жекпе-жекті музыкалық тұрғыдан сүйемелдейтін болады.
Еске сала кетейік, 7 шілде күні Астана қаласында Бейбіт Шүменовтің кәсіпқой рингке ұзақ үзілістен кейін қайта оралу кеші өтеді. Онда әлемнің ең мықты 16 боксшысы Астана төрінде айқасады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<