«Штрафстан құрып жатырмыз»: Депутат елдегі айыппұл мөлшерін көбейтуге бағытталған заң жобасына шүйлікті

106

0

Фото: Видеодан скриншот

Мәжілісте «Ақ жол» партиясының депутаты Азат Перуашев елдегі айыппұлдарға шүйлікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол түрлі заңбұзушылықтар үшін кәсіпкерлерге онсыз да жоғары болатын айыппұлдарды тағы да көбейтуді көздейтін заң жобасын сынға алды.

Ол осыны талқылау барысында оның фракциясына 2 мыңнан астам кәсіпкерден өтініш түскенін айтты. Олардың барлығы айыппұлдардың шектен тыс екеніне шағымданды.

«Бағадағы қателік үшін 700 мың айыппұл төлегеннен гөрі тексерушіге 100 мың теңге төлеп құтылған оңайырақ. Мемлекет жазалап қана қоймай, ынталандырып, тәрбиелеуі керек. Мынау ұялатын тірлік қой, мырзалар. Қайдағы бір «Штрафстанды» жасап жатқан сияқтысыздар, бірақ біз қалыпты және теңгерімді нарықтық экономиканы құрғымыз келеді», – деді Перуашев.

Партия шағын және орта бизнеске салынатын айыппұлды 3-5 есеге азайтуға бағытталған бірнеше түзетулер ұсынды, бірақ көпшілік бұл өзгерістерді қолдамады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<