«Осы уақытқа дейін бірнеше рет жолдың жағдайы негізгі себеп болғаны айтылған болатын. Қарсы келе жатқан жүк тасымалы бойынша нұсқа алынып тасталды. Жолдың жағдайы – негізгі нұсқа. Көктемде жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасына, күнделікті тексеріске, бұл жолдың жағдайына келгенде сұрақтар бар. Мен осымен 20-шы рет жауап беріп тұрмын: кімнің кінәлі екенін комиссия анықтайды», – деді Жеңіс Қасымбек тілшілердің сұрағына жауап бере отырып. Еске сала кетсек, 17 маусымда Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызы аударылып, бір жасөспірім көз жұмған болатын.
Ақпарат көзі: inform.kz





