Швециядағы құнды табиғи ормандарды кесу қарқыны соңғы жылдары күрт өсті, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
Швеция орман агенттігінің жаңа есебіне сәйкес, егер қазіргі үрдіс жалғаса берсе, таудың етегіндегі соңғы қорғалмаған ескі ормандар 25 жыл ішінде жойылып кетуі мүмкін. Қазір мұнда күн сайын шамамен 100 футбол алаңына тең орман жойылады.
Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылы орманның 6 мың гектар аумағындағы ағаштар кесілген. Жыл сайын оның көлемі артып, қазіргі уақытта 26 мың гектарға дейін өсті. Бұл аймақтар биоәртүрлілікті және сирек кездесетін түрлердің мекендеу ортасын сақтауда шешуші рөл атқарады.
Елде шамамен 1,2 миллион гектар табиғи орман қорғалмаған. Ағаш кесу қазіргідей жалғаса берсе, ширек ғасыр ішінде 670 мың гектардан астам нулы алқап жойылуы мүмкін.
Мамандар жоғалған табиғи ормандарды тез қалпына келтіру мүмкін еместігін ескертеді. Олардың айтуынша, мұндай экожүйенің қалыптасуы үшін жүздеген жыл қажет, ал жаңа ағаштарды отырғызу ескі табиғи орманды толығымен алмастыра алмайды.
Баяндама авторлары биологиялық әртүрлілікті сақтау үшін қорғалатын немесе қалпына келтірілетін ормандар аумағын айтарлықтай ұлғайту керек деп санайды.
Осыған дейін Швецияда азық түлік пен жанармай қымбаттап жатқаны туралы жаздық.






