Шығармашылық еркіндік бойынша мемлекет жағдай жасауы қажет – депутат

6

0

Фото: Мәжіліс

Конституциялық комиссияда балаларға қосымша білім беруді мемлекеттің кепілдігіне енгізу ұсынылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мәлім етті. 

– Шығармашылық еркіндік бойынша тиісті норманы енгізуге қатысты әріптестерім келісімін берді. Шығармашылық әрі сөз еркіндігі, ғылыми зеттеу еркіндігі бойынша тиісті ұсыныстар бар. Осы бағыттағы тиісті қадамдарсыз экономканы дамыту қиынға түседі, жаңа инновация жасауға мүмкіндік болмайды. Менің әріптестерім (Конституциялық комиссияда) қолдап жатыр, сондықтан ұсыныстар жаңа Конституцияға енеді деп ойлаймын. Бірақ, менің еркіндігім басқа адамның еркіндігіне зиянын тигізбеуі керек, – деді М. Әбенов.

Оның пайымынша, шығырмашылық еркіндік бойынша мемлекет кепілдік беруі қажет. 

– Мәселен, қазір келешек мектептері ашылып жатыр. Бұл өз кезегінде білім беру нысандарына заманауи зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Оған соңғы буынды құрылғылар, түрлі роботтар жеткізіліп жатыр. Осы орайда соншалықты табысы жоғары емес ата-аналардың балалары шығармашылықпен емін-еркін айналыса алады. Мұның арқасында қазір балалар түрлі жарыстарға, олимпиадаларға барып жатыр. Бұл тұрғыда мемлекеттің кепілдігін жазып қоюды ұсындым. Балалардың тек орта біліміне ғана емес, ізденуге және инновациямен айналысуына қосымша білім беруді мемлекеттің кепілдігіне енгізу керек екенін айттым. Қазір осыны пысықтап жатырмыз, – деді депутат.