Видеодан алынған кадр
Шымкент тұрғыны битум құйылған бочкаға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Клара Цеткин көшесі бойында орналасқан «ОЛАКС» ЖШС-нің аумағында болды. Мұнда ер адам битум құйылған темір бочкаға құлап кеткен.
«Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, алпинистік арқандар мен тыныс қорғау аппаратын қолданып, ер азаматтың мәйітін шығарып алды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<