Шымкентте 11 сынып оқушысы өз-өзіне қол салып көз жұмды

425

0

Фото: Freepik

Шымкентте 11 сыныпта оқитын ер бала суицид жасап, қайтыс болды. Оқиға 12 мамыр күні болған.

Қалалық білім басқармасындағылардың айтуынша, ер бала өз үйінде жеке бөлмесінде өзіне қол салған. 

Мектеп әкімшілігінің мәліметіне сәйкес, марқұм оқушы ешкіммен ұрысып, дауласпаған. Оқу үлгерімі жақсы, белсенді оқушы болған. Мектепішілік есепте тұрмаған. 

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетейік, Шымкентте жасөспірімдер арасындағы суицид артқан. Мәселен, 2022 жылы 27 оқушы өз-өзіне қол салса, 2023 жылы 32 бала суицид жасаған.

Ал 2024 жылдың басынан бері 4 жасөспірім суицидтен қайтыс болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<