Шымкентте 6 жасар қыздың ішінен 1 келі шаш шықты

201

0

Фото: Түркістан облыстық балалар ауруханасы

Шымкентте 6 жасар қыздың ішінен 1 келі шаш шықты. Бұл туралы Syrboyi.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тәбеті нашарлаған қыз баланы ауруханаға анасы алып келген екен. Асқазанынан күмәнді затты анықтаған дәрігерлер бірден ота жасауға кіріскен. Операция нәтижесінде 6 жасар қыздың ішінен 1 келі шаш шыққан. Анасы қызының кішкентай кезінде тырнақ пен жерде жатқан заттарды көп жегенін айтады.

Науқас палатаға ауыстырылып, бір апта бойы ем қабылдады. Сөйтіп үйіне жіберілген жасөспірімнің қазіргі жағдайы жақсы дейді дәрігерлер.

«Анасының айтуынша, баланың аурғанына 1 ай болған, асқазан аймағындагы ауырсынуға және жалпы әлсіздікке, тәбетінің болмауына, құсуға, салмағының төмендеуіне шағымданады. Науқас ауруханаға жатқызылды. Бөлімшеде ота алды шаралар жүргізіліп, отаға алынды. Отаның ұзақтығы бір сағатқа созылды. Ота өте сәтті өтті! Жалпы мұндай жағдайлар баланың қараусыз қалғанын болады. Кішкентай балалар жерден тапқанын аузына салып, салдарынан ішке зиянды заттар жиналады. Бұл жағдай баланың өмірі үшін қауіпті болғандықтан,ата аналарға балаларын қараусыз қалдырмауға ескертеміз. Түркістан облыстық балалар ауруханасында хирургиялық көмектер тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында көрсетіледі», – дейді облыстық балалар ауруханасының балалар хирургі Темірбеков Мұқағали.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<