Шымкентте БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті

34

0

Шымкентте қала әкімінің кубогы үшін БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан «Тәуелсіздік – тірегім» атты республикалық турнир ұйымдастырылды. Сайысты қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай ресми түрде ашып, жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық турнирге еліміздің әр өңірінен келген 13 команда қатысты. Ал, турнирдің жүлде қоры 2 миллион теңгеге жуық деп белгіленді.

Сайыстың жартылай финалында Алматылық «Аламан» жəне «Апорт» командалары кездесіп, 3-1 есебімен «Аламан» командасы жеңіске жетті.

Екінші жартылай финалдық кездесуде Қызылордадан келген «Ақмешіт» және «Хабар» телеарнасының «Астана» командасы кездесіп, 1-5 есебімен хабарлықтар жеңіске жетті. Ақтық сайыста «Аламан» және «Хабар Астана» командалары кездесті. Аса тартысты өткен кездесу 0:1 есебімен «Хабар Астана» командасының пайдасына шешілді.

Сонымен, «Хабар Астана» командасы шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында Шымкент қаласы әкімінің Кубогы үшін өткен республикалық турнирде жеңіске жетіп, 1 млн теңгені ұтып алды.
Жарыс жеңімпаздарын Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Мұрат Базарқұлов марапаттады. «Шымкент Ақпарат» ЖШС директоры, «Шымкент келбеті – Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы Айгүл Қапбарова жекелеген футболшыларды арнайы номинациялармен марапаттады.

Жарыс қортындысы бойынша Берік Уәли (Жамбыл облысы) «Үздік шабуылшы», Олжас Күлтешов (Алматы облысы) «Үздік ойыншы», Есенжол Елекенов (Орал қаласы) «Үздік қорғаушы», Айдос Манат («Егемен Қазақстан» газеті) «Үздік қақпашы» деп танылып, оларға 25 мың теңге көлемінде қаржылай жүлде берілді.

 

 

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз