Шымкентте Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед атты үшем дүниеге келді

1964

0

Фото: instagram.com/gorzdravshymkent

Шымкент тұрғыны Айгүл Бақытжанқызы үшем дүниеге әкелді. 24 жастағы жас ана мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында қалалық перзентханада босанған.

Дүниеге келген сәбилердің үшеуі де — ұл бала. Оларға Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед есімдері берілді.

Нәрестелердің бірінің салмағы — 1580 грамм болса, екіншісі — 1640 грамм боп дүниеге келді. Ал үшінші сәбидің салмағы — 1610 грамм.

Шымкентте Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед атты үшем дүниеге келді

Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар дәрігерлер үшемді алдымен жансақтау бөлімінде бақылауда ұстағанын, тиісті ем-шараларды жасап, кейін палатаға ауыстырғанын айтты.

Салмақ қосып, жағдайы жақсарған сәбилер мен жас ананы бүгін перзентхана қызметкерлері салтанатты рәсіммен үйіне шығарып салды.

Айта кетейік, Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед — жыл басынан бері Шымкентте дүниеге келген төртінші үшем.

Биыл қалада 10913 сәби дүниеге келген. Оның 5579-ы — ұл болса, 5334-і — қыз. Егіздердің саны — 107.

Бұған дейін Шымкенттің 31 жастағы тұрғыны үшем дүниеге әкелген болатын. Оларға Атамбай, Мұса, Мүслім есімдері берілді.

Сондай-ақ Қостанай тұрғыны Ақшагүл Әбдірахманова бес баласынан кейін үшем босанды.

Бұл — соңғы 6 жылдың ішінде Қостанайда жарық дүние есігін ашқан алғашқы үшем.

Қала әкімі отбасы мен жаңа туған нәрестелерге облыс орталығындағы жаңа пәтердің кілтін табыс еткен болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<